20 қаңтар 2016 21:45

ОСК төрағасы сайлауға дайындық жөнінде: Біз мерзімін ғана күттік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясында 20 наурыздағы Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге дайындық жөнінде отырыс өтті. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов тілшілерден Орталық сайлау комиссиясының алдағы сайлауға қатысты өткізген жиынының тез аяқталғанына назар аудармауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлауларды бірге өткізу бізге қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз жыл бойы уақыт үнемдейміз. Біз бүгін Мәжіліс пен мәслихат сайлауында қабылданатын құжаттарды қабылдадық. Яғни бізге мерзімді күту ғана қалды. Сондықтан да бұл құжаттарды дереу қабылдағанымызға таңғалмаңыздар, олар стандартты", - деді Тұрғанқұлов 10 минутқа созылған жиынды қорытындылай отырып.

Осы отырыста сайлау іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді. Мәжіліске кезектен тыс сайлау 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді. Бүгін Мемлекет басшысы осығай байланысты үндеу жасады.

 Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді.

18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети