22 шілде 2015 17:34

Өскемен жастары қоғамдық орындар мен көліктерде жыныстық қатынасқа түспейді - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

© smotra.ru © smotra.ru

Өскеменнің тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда жыныстық қатынасқа түскен бірде-бір жұпты ешқашан кездестірмеген, - деп хабарлайды YK-news.kz. Полицейлердің сөзіне қарағанда, жастардың барлығы тәртіпті және ондай құқықбұзушылыққа бармайды.

Порталдың мәліметінше, полицейлер мұндай сұраққа Қостанайда болған жағдайдан кейін жауап берген. Еске сала кетейік, шілде айының басында шетелдік екі ер адамның Қостанай бекетінде жыныстық қатынасқа түскені хабарланған болатын.

"Қалалық полицейлерге осыған ұқсас оқиғалардың статистикасы туралы сұрақ қойылды. Олардың айтуынша, бұл қаладағы ғашық жұптар көшелерде, көліктерде жыныстық қатынасқа түспейді. Өскеменнің ІІБ қызметкерлері мұндай оқиғаға әлі тап болмаған" , - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес көпшіліктің алдында жыныстық қатынасқа түскендерге 10 АЕК көлемінде (19 820 теңге) айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети