1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Өскемен тұрғындары 20 секунд бойы жер сілкінісін сезген

Өскемен тұрғындары зілзаланы сезінген. ШҚО облыс орталығының мыңдаған тұрғыны Қытайдағы жер сілкінісін сезгенін айтады. Көптеген жергілікті тұрғындар өмірлеріне қауіптеніп, кеңселері мен үйлерінен шыққанын айтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2-ге тең, оның жер ошағы Үрімшіден 94 шақырымда болған. Оны Қазақстан тұрғындары да сезген.

Өскемендіктер жер сілкінісін 15-20 секунд бойы сезгенін айтқан. Үйдегі аспашамдар, әйнектер сылдырлаған. Жер толқыныстары жоғарғы қабаттарды қаттырақ сезілген. ШҚО ТЖД мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.