28 қазан 2018 17:53

Өскеменде ауаның ластану деңгейі өте жоғары дәрежеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде ауаның ластану деңгейі өте жоғары дәрежеде және 2018 жылы бірқатар зиянды заттардың шоғырлану деңгейі ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AltayNews.kz порталына сілтеме жасап. 


Өскеменде ауаның ластану деңгейі өте жоғары дәрежеде және 2018 жылы бірқатар зиянды заттардың шоғырлану деңгейі ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AltayNews.kz порталына сілтеме жасап. 

Қаладағы ауаның ластану деңгейі төртінші қауіптілікте тұр. Қазгидромет" РМК филиалының кешенді зертханасының бастығы Татьяна Козлянскаяның хабарлауынша, 2018 жылы 9 айдың ішінде ауада күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, фенол, формальдегид, мышьяк, кадмий, хлорлы сутегі, метан көмірсутектері концентрациясының ұлғайған.

Сонымен қатар, шаң, озон, хлор, фторлы сутегі, қорғасын және күкірт сутегінің шоғырлануы азайды.

Ауадағы көміртек оксиді, аммиак, бензопирен, күкірт қышқылы концентрациясының көрсеткіштері өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ, радиациялық гамма-фон деңгейі өзгеріссіз қалған және нормадан асқан жоқ.



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети