02 қазан 2015 14:19

Өскеменде бір әйел құрты бар кәмпиттерді сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет Әлеуметтік желіден алынған сурет

Өскеменде бір әйелдің дүкеннен сатып алған кәмпиттерінің ішінен құрт шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскеменде бір әйелдің дүкеннен сатып алған кәмпиттерінің ішінен құрт шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Әйел бұл "тосын сыйды" әлеуметтік желі арқылы бөлісті, ол ішінен құрт шыққан тәттілердің суреттерін жариялады. Әйелдің кәмпиттерді бір-екі күн бұрын сатып алғаны белгілі болып отыр. "Жақында тәттіні "қояйын" деп шештім. Бірақ шыдамай, ірі гастрономнан кәмпит сатып алдым. Олай болса, рақмет, диета сақталды))) P.S. Маған ғана осындайы түсті, қалған кәмпиттер дұрыс, бұл жердегі мәселе сатушыда емес, жеткізушіде деп ойлаймын", - деп жазды әйел.

Бұл оқиғаға қатысты тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымындағылар адамдардың осыған ұқсас жағдайлармен жиі арызданатындарын айтты. Олардың айтуларынша, құрттар жаңғақтардан, шоколадтардан, тіпті дайын сушилерден де шыққан. "Алайда тәжірибенің көрсетуі бойынша, ең дұрысы сатушымен келісіп, ақшаны қайтарып алу. Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымдану үшін өтініш жазу жеткіліксіз. Олар сізден ЖСН, БСН, сауда нүктесінің иесінің аты-жөні мен заңды мекенжайын сұрайды", - деді ұйымның өкілі Елена Жерихова.

Оның айтуынша, қолыңызда бұл ақпараттар болса да, ведомствоның өкілдері ресми тексеруге ол Құқықтық статистика орталығына тіркелгеннен кейін ғана бара алады. Жерихова ол уақыттың ішінде сапасыз азық-түліктер дүкен сөресінен жоғалып кете ме деп қауіптенеді.

Өз кезегінде әлеуметтік желінің қолданушылары жарияланымға пікір қалдырып, "тірі" кәмпиттерді лақтыруға немесе балық аулау үшін жолдасына ұсынуға кеңес берді. Кейбір сарапшылардың ойынша, кондитерлік өнімдерде ас күйесі жиі кездеседі. Кәмпиттер дүкендерге жеткенше паразиттерге толы болады.

Айта кетейік, Өскемендегі бұл жағдай елімізде бірінші рет болып тұрған жоқ. Осыған дейін Астанада сатылған кәмпиттерден құрт шыққан болатын. Кейін олар өндірушіге қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети