Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Өскеменде ерекше ықшамаудан құрылады

10 Ақпан 2014, 15:18
2
фото kk.wikipedia.org сайтынан
фото kk.wikipedia.org сайтынан
Өскеменде ерекше ықшамаудан құрылады. Ерекшелігі сол, алдағы уақытта құрылғалы отырған бұл ықшамауданның аулалары түгелдей дерлік жарықтандырылып, автоматтандырылған жылу есептеу пункттері қойылып, электр қуатын, жылуды үнемдейтін құрылғылар орнатылатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Юрий Халитовтың айтуынша, биыл Өскеменнің Тәуелсіздік көшесі бойындағы 24, 24/1, 26, 26/1, 28 көпқабатты тұрғын үйлер "Энергия үнемдейтін ықшамаудан" етіп жасалмақ. Терможаңғырту бағдарламасы аясында бұл үйлердің ауласы жарық үнемдейтін шамдармен жарықтандырылып, әдеттегі терможаңғырту жұмыстарымен бірге, кешенді жөндеу - жылылау шаралары жүргізіліп, үйлерге коммуналдық қызмет түрлерін есептеу құралдары, жылуды реттейтін автоматтандырылған жылу пункттері қойылмақ. Тіпті, бағаналардағы аула шамдарының өзін күн батареяларымен жарықтандыру жоспарланып отыр.

"Энергия үнемдейтін ықшамауданның" аулалары бюджет қаржысы есебінен көріктендірілетін болады. Бұл шараға университетті тәмамдайтын болашақ құрылыс – сәулет мамандары қатыстырылып, олар тәжірибе жинай отырып, дипломдық жұмыстарын да қорғап шықпақ көрінеді.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай