12 ақпан 2014 17:12

Өскеменде халықаралық туризм көрмесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі "Алтай" технопаркінде "Өзіңе және әлемге Шығысты аш" атты халықаралық туристік көрме өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көрмеде табиғаты көркем Катонқарағай, Үржар, Зырян, Көкпекті мен Аягөз секілді аудандардан келген шипажайлар мен емдеу-сауықтыру кешендерінің, демалыс базаларының, тарихи-мәдени орындардың өкілдері құрметті қонақтарға өздері тарапынан көрсетілетін сан алуан қызмет түрлерін жан-жақты таныстырып, мол мағлұматтар ұсынды. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл шараға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризмді индустрияландыру комитетінің төрағасы Марат Иғалиев, Қазақстанның туристер қауымдастығының жетекшісі Рашида Шайкенова, сондай-ақ, еліміздің өзге өңірлерінен, Ресей, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея мен Словакия елдерінен ат шалдырған туристік компаниялардың жетекшілері қатысты. "Алакөлдің жағасында біздің "Керуен" атты демалыс үйіміз бар. Онда негізінен емдеу-сауықтыру қызметіне баса көңіл бөлінген. Бумен, шипалы батпақпен емдеу, массаж жасау арқылы сауықтырамыз. Алдағы уақытта Сібе, Марқакөл, Зайсан көлдерінің жағалауында да емдеу-сауықтыру, демалыс базаларын ашу жоспарда бар. Онда қазақстандықтармен қатар шетелдіктерді де тартсақ дейміз. Өйткені, елімізде бірінші болып біздің фирма виза жасатып, Қытай туристерін кіргіздік. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады", – дейді "Меридиан" жеке кәсіпкерлігінің директоры Альмира Ертарғынқызы. Халықаралық көрме аясында өткен пленарлық мәжілісте сөз алған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта туризмге үлкен мән беріліп отырғанын, демалыс күндері қала сыртындағы демалыс базаларына жүретін пойыздар ұйымдастырып, облысішілік әуе тасымалын жандандыру жұмыстарын қолға алынатынын атап өтті. Көрме соңында туризм саласын дамыту бағытында шығысқазақстандық "Меридиан" ЖШС мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы, ауыл туризмін көтеру мақсатында облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Еурокомиссия, Садыркөл жағалауында демалыс базаларын орналастыру жөнінде "Ертіс" ӘКК мен жеке кәсіпкер Ержан Қанапиянов, біздің облыс пен Моңғолия мемлекеті арасында туристік әуе қатынасын дамыту үшін "Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" МКК мен "Zavhan" компаниясы өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети