06 маусым 2017 20:24

Өскеменде "Имам такси" жобасы іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет ШҚО-дағы  "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметінен сурет ШҚО-дағы "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметінен

Қасиетті Рамазан айында ізгілік, мейірімділік шарасын жан-жақты өрістету туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылықты әртүрлі форматта жасап келеді. Осы орайда Өскеменде 60-қа тарта көлік жүргізушілері жолаушыларды тегін тасып жүр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен жылы "Өскемен өкілдігінің бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асқан "Имам такси" жобасы биыл да жалғасын тапты.

"Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешіті бастаған Өскемен қаласындағы мешіттердің имам-молдалары мен ұстаздарынан және ерікті жамағаттан құралған 60-қа тарта көлік тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Олардың қатарында 2-3 жеңіл автобустар бар. Бастама халықтың көңілінен шығып отыр" - деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

"Біз, қала тұрғындары "Имам таксиді" жылда Рамазанда асыға күтетін болдық. Имамдар тұрғындарды тасымалдау барысында  жол үстінде түйткілді сауалдарымызға жауап беріп, емен-жарқын пікірлеседі, осындай ізгілік қазіргі қоғамға ауадай қажет", - дейді мешіт жамағаты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети