25 қараша 2016 09:22

Өскеменде көпірдің опырылу себептерін арнайы комиссия анықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Өскеменде көпірдің опырылу себептерін арнайы комиссия анықтайды, - деп хабарлайды 24 Хабар телеарнасы.


Өскеменде көпірдің опырылу себептерін арнайы комиссия анықтайды, - деп хабарлайды 24 Хабар телеарнасы.

Еске салайық, кеше таңғы уақытта Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылған еді, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған.

Енді мердігерлер көпірдегі қозғалысты тоқтатпау үшін жұмысты бірнеше кезеңмен жүргізіп келгені белгілі болып отыр. Аяқталған оң және сол қанаттары пайдалануға берілді. Енді ортаңғы тұсы жөнделіп, көпір бүтінделуі керек еді.

Оқиғаның мән-жайын прокурорлар анықтап жатыр. "Жұмыстар тоқтатылды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжамдар бойынша көпірдің 5 тіреуіші апатты жағдайда тұрған. Бұл ескі бөлігі болғандықтан механикалық түрде құлатылу керек болатын. Сондықтан көпірдің ол бөлігімен көлік мүлде жүрген емес", - деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети