05 ақпан 2017 | 20:27

Өскеменде зағип жолаушыны автобустан қуып жібермекші болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 43 жастағы зағип жанды бағыт бойынша жүретін қоғамдық көлікте жеңілдік қарастырылмаған деп автобустан түсіріп тастамақшы болған. Зағип жолаушы осы іс бойынша сотқа арыз жазып, соңында өзі сұраған моральдық өтемақының бір бөлігін ғана алған, - деп жазады YK-news.kz


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде 43 жастағы зағип жанды бағыт бойынша жүретін қоғамдық көлікте жеңілдік қарастырылмаған деп автобустан түсіріп тастамақшы болған. Зағип жолаушы осы іс бойынша сотқа арыз жазып, соңында өзі сұраған моральдық өтемақының бір бөлігін ғана алған, - деп жазады YK-news.kz

Бірінші топтағы мүгедек Анатолий Тютюньков, басылымның жазуынша, автобусқа мінген сәтте қорқыныш ұялайтынын айтады. Ер адам барлық адамдар сияқты сыртқа шығып, қала маңына шыққанды ермек етеді екен. Ол өзі алыс тұратын болғандықтан, қоғамдық көлік қызметін қолдануға мәжбүр екен, ол көзінің көрмеуіне байланысты әрдайым мүгедектер тобына кіретін құжатын көрсетіп, тегін жүр қатынап жүрген. 

2016 жылдың тамыз айында Тютюньков қала маңына жүретін № 351 автобусқа отырған. Оның айтуынша, онымен кондуктор әйел жанжалдаса бастаған, яғни дөрекі түрде қала маңына жүретін бағыттағы автобустарда жеңілдік қарастырылмағанын айтқан. Ол Тютюньковқа автобустан түсіп, сырттағы жазуды оқуға кеңес берген. 

"Мен абдырап жаяу қалдым, - деп есіне алады Анатолий Васильевич. - Бұл мен үшін (автобустан түсіп қалғанымда) өте қауіпті болар еді. Мен қайда барамын? Көзі көрмейтін адамға өзі білмейтін жерде қалу өте қауіпті. 

Сонымен қатар, бағыт бойынша жүріп келе жатқан автобус үш рет тоқтап мүгедек жанды түсіріп тастамақшы болған, себебі ол жолақысын төлеуден бас тартқан. Осыған наразы болған жолаушылар сөйлей бастаған. Кондуктор олармен болысып, оған қарсы жолаушыларды қайрап, оның осы мүгедектігі туралы құжаттарды не ұрлап алғанын, не сатып аклғанын айтқан. 

"Бір зейнеткердің маған былай дегені есімде: "Егер сен ол құжатты сатып алған болсаң, үндемей-ақ отырмайсың ба, неменеге тістенесің". Маған қарай әйелдер жаман сөздер айта бастады: "Сені ұрып соғар адамның жоғын ай! - деген сөздерді есіне түсіреді мүгедек. Мен жетер жеріме бара алмай қаламын ба деп қорықтым, автобустан лақтырып жіберетіндей болды. Менің бұл үрейімді кондуктор мен жолаушылардың жартысы тудырды. Менің танысым мені қорғауға қорқып отырды. Қоғамның осылай мені қорлағанынан дірілдей бастадым". 

Тютюньков жетер жеріне жеткен. Автобус салонында кейбір адамдар ол үшін жолақысын төлегісі келіп, көмектесейін деген, алайда ол өзінің заңды құқығын пайдалануды жөн көрген. 

Зағип жанның айтуынша, осы сапары оның денсаулығына зиянын тигізген. Ол осы жағдайды жәй жауып қоймайын деп, сотқа арызданған. 

Басылым мәліметінше, Тютюньков бірінші "Vosca" ЖШС компаниясына арыз берген. Өзінің шағымында ол сот арқылы моралдық өтемақы талап ететінін жазған. 

"Ертесіне сол кондуктор маған қоңырау шалып, басқа тонда сөйлей бастады. Жылап тұрып ақшасының жоқтығын айтып, асылып өлемін деді", - дейді ер адам. 

Арыз беруші кондуктордан 100 мың теңге моральдық өтемақы ретінде талап еткен. Компаниядағылар 

Сотта кондуктор арыз берушінің өтірік айтып тұрғанын, ешқандайда мүгедек жанға жаман сөз айтпағанын алға тартты. Оның айтуынша жанжал түсініспеушіліктен пайда болған. Компанияға шағым түскен күні ақ кондуктор Тютюньковтан кешірім сұраған, бірақ зағип жан одан өтемақы талап еткен. 

"Бұл қаражатты тауып беруге менде шама жоқ, мен осыны уайымдап жылап қалдым, - дейді әйел адам. Мен бұл ақшаны өтеп бере алмаймын, себебі мен екі баламды және мүмкіндігі шектеулі күйеуімді асырап отырмын. Жалғыз өзім ғана жұмыс істеймін". 

Сот отырысы Анатолий Тютюньковтың пайдасына шешілді, деп жазады басылым. Бірақ зағип жанның сұраған 100 мың теңгесінің оннан бір бөлігін ғана төлейтін болады. Сот шешіміне әйел адамның тұрмыстық жағдайы себеп болған. 

Кондуктор сот отырысы кезінде шын мәнінде бұл автобустарда жеңілдіктердің қарастырылғанын білмегенін айтқан. Қазіргі уақытта ол кондуктор болып басқа компанияда жұмыс істеп жүр екен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети