26 қараша 2018 16:22

Өскемендік жігіт өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлаж © instagram.com/dchs_vko/ Tengrinews.kz фотоколлаж © instagram.com/dchs_vko/

Өскемен қаласының маңында ер адам өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шығып, ары қарай жұмысына кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өскемен қаласының маңында ер адам өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шығып, ары қарай жұмысына кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

25 қарашада саяжайдан өрт шыққан. Куәгерлер түтін шығып жатқанын көріп, құтқарушыларды шақырған. Сол кезде үйдің ішінде екі баланың (біреуі сегізде, екіншісі екіде) барын ешкім де ойламаған. Өскемен ТЖБ өкілдерінің айтуынша, құтқарушылар келгенге дейін екі бала да қауіпсіз жерде болған. Оларды жақын жерде тұратын көршісі құтқарып қалған. 

Белгісіз құтқарушы жайлы тек төтенше жағдайлар басқармасы оқиғаны тексеру кезінде белгілі болған. Балалар өрттен аман алып қалған адамның өздерінің көршісі екенін айтқан. Қарапайым батырды іздеу шараларына балалардың анасы да қосылған. Ол ер адамға алғыс білдіргісі келген. Алайда оны табу оңай болмаған. Қарбалас сәтте оның есімін де, тегін де ешкім жазып алмаған. 

"Ерлігі үшін біз осы азаматқа алғыс білдіргіміз келді. Алайда рапорт беру үшін, оның жеке мәліметтері және жеке куәлігінің көшірмесі керек болды, - дейді ТЖБ баспасөз қызметінің өкілі Марина Лискова. - Біздің мамандары көршілер арқылы оның тегін және қайда тұратынын анықтады. Осыдан кейін біз ер адаммен кездестік". 


Сурет ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен 

Балаларды құтқарған 33 жастағы Михаил Рыбалов екені белгілі болды. Ол жиһаз цехында жұмыс істейді.

"Басында түтін шығып жатқанын көрдім, екінші қабатта балалардың терезеден қарап тұрғанын көрдім. Жан-жағыма қарадым да, баспалдақты көрдім. Сонымен көтеріліп, балаларды шығардым", - дейді Михаил. 

Ер адам өз әрекетін жұртқа жаюдан бас тартқан. Құтқарушылар оның әрекетін елеп-ескеретіндері жайлы айтқанда, ол ыңғайсызданып қалған. 

"Балалар ыстан уланып, қайтыс болуы да мүмкін еді. Өрт аумағы - 40 шаршы метр. Құтқарушылардың айтуынша, олар өздігінен шыға да алмас еді. Сол себепті Михаилдың дереу әрекет жасауының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды деп есептеуге болады. Оған алғыс білдіреміз", - деді Өскемен ТЖБ қызметкерлерлері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети