Осы уақытқа дейін әділдік орнайтынына сенімді жоғалтпадым - Лилия Рах

26 Қаңтар 2017, 17:32
0
Осы уақытқа дейін әділдік орнайтынына сенімді жоғалтпадым - Лилия Рах - © radiotochka.kz
© radiotochka.kz

Белгілі сәнгер Лилия Рах өзінің бостандыққа шығуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен ризамын. Осы уақытқа дейін сенімімді жоғалтпадым - әділдікке, Құдайға және достарыма деген сенімді. Ал қазір адамдарға, Жаратушыға басымнан өткеннің бәрі үшін ризамын", - дейді Рах журналистерге. 

Судья Бақытжан Қараманов та Лилия Рахқа қатысты қабылданған шешім туралы журнлистермен бөлісті. 

"Прокурор үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Біз үкімді ҚР ҚК 68-бабына байланысты өзгерттік. Өйткені Лилия Рах апелляциялық сотта кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінді. Сонымен бірге, сот оның кәмелетке толмаған баласы барын да ескерді, ол баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Зерттедік, қарадық және осы негізде сот қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады", - дейді сулья. 

Еске салайық, Лилия Рах сот залынан босатылған болатын. Мұның алдында ол адам ұрлады деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылған. 

Айта кетейік, істің өзге фигуранттары - Мири Паз, Ислам Мисиров, Бақыт Шалбаевқа қатысты сот үкімі өзгертілген жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай