19 маусым 2017 16:17

Осы уақытқа дейін EXPO-2017 көрмесін қанша адам тамашалағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері көрмеге қанша адам келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері көрмеге қанша адам келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жалпылай алғанда 1 миллион 57 мың 218 адам болды. Негізгі нысандар бойынша - 167 мың 884 адам. Соның ішінде, біздің "Нұр-Әлем" павильонында 86 мың 500 адам болып қайтты", - деп мәлімдеді брифинг барысында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов. 

Ол көрме нысандарын 26 мың шетелдік тамашалағанын айта кетті. 

"Бір адам орташа алғанда 5-6 нысанды көріп қайтады. Аталған уақытта мектепке дейінгі жастағы 10 мыңдай бала, екі мыңнан аса кембағал жандар, ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтар болды. 14 мыңнан астам оқушы, студент және зейнеткер. Күн сайын келушілер саны артып келеді. Бірінші күні 18 мың адам келген болса, өткен жұма күні келушілер саны 34 мыңға жетті", - дейді Бейбіт Қарымсақов. 

Коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев көрмеге жалған билеттерді сату деректері туралы айтып берді. 

"Көрме ашылғалы бергі 9 күнде көрмеге жалған билеттерді жасау деректерін анықтадық. Біздің билеттерді ксерокөшірмеден өткізген. Көшірмемен кірмек болған, бірақ, оларды кіргізбеді. Адамдар қағазды көрсете салып, кіре береміз деп ойлады. Ал бізде бақылаудың интеллектуал жүйесі тұр және әрбір билет бірегей, өз нөмірі бар", - дейді Дәулет Еркембаев.  

"Бірінші күндері-ақ 100 шақты осындай жағдай болды, кейін 70-ке жуық. Кеше мұндай бірде-бір жағдай болған жоқ. Мұны жасаған адамдар істерінің пайдасыз екенін түсінген сияқты. Ең бастысы бұл билеттер қайда жасалғанын білдік - Шымкентте, ОҚО", - деп аяқтады ол сөзін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети