"Осылай таралып кетеді деп ойламадым". Қазақстандық Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі жайлы айтып берді

24 Қараша 2017, 09:36
0
"Осылай таралып кетеді деп ойламадым". Қазақстандық Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі жайлы айтып берді - © facebook.com
© facebook.com

Қазақстандық Сергей Ахметов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа неліктен видеоүндеу жолдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айтуынша, ол видеороликті әлеуметтік желілерде жариялау үшін жазған жоқ. Бастапқыда видео Қырғызстанда тұратын досы Ахметовке арналып жазылған екен.

"Видео осылай таралып кетеді деп ойламадым. Оны достарыма арнап жазғанмын, халықтарымыздың достығын көрсеткім келді. Ал видеоның идеясы біздің расында да бауырлас халық екенімізді көрсетіп, флешмоб жасау еді. Бірақ видео осылайша Желіде, жаңалықтарда таралып кетеді деп ойламадым да. Достарым Facebook желісінде осы видеоны 9 500-ден аса адамның бөліскенін, онымен қоса, видеоның Instagram желісінде қаралып жатқанын айтты", - деді видеоның авторы.

Сонымен қатар, қазақстандық жігіт бұл видеоның Қырғызстандағы достарына ұнағанын және олардың да осыған ұқсас видео жазғысы келетінін айтты.

Сергей Ахметовтың айтуынша, ол Алматыда маркетинг және big-data саласында жұмыс істейді. Талдықорған тумасы. Сондай-ақ, ол қазақ тілін қайдан жақсы меңгергенін айтып берді.

"Мен ауылда өскенмін, сол жақта қазақ тілінде осылай жақсы сөйлеуді үйрендім. Қазақ тілін жақсы көремін, домбыра да тартамын. Тағы бірнеше тілді білемін. Даусым менікі емес деген сияқты әңгімелер болды, адамдар хабарласты. Сенбейді. Содан мен олармен қазақ тілінде сөйлестім", - дейді Сергей Ахметов.

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық жігіттің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі таралған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай