18 ақпан 2015 15:00

Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені Сағадат Нұрмағамбетовтің отбасына 30 жылдан соң берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағадат Нұрмағамбетов. ©gapp.az Сағадат Нұрмағамбетов. ©gapp.az

Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовке 30 жылдан соң берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов Отан соғысының орденіне 1985 жылы ұсынылған болатын.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аптаның соңында Алматыдағы орталық армия үйінде Сағадат Нұрмағамбетовтің отбасына ІІ дәрежелі Отан соғысының орденін тапсыру салтанаты өтеді.

"Былтыр 90 жылдыққа орай соғысқа қатысушыларға біз осы марапатқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына Нұрмағамбетовтың ұсынылғанын нақтылайтын Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатына сұраныс жасағанбыз және бұл орден оның еңбегінің жемісі болып табылады", - дейді ҚР Қарулы Күштерінің Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі полковник Мэлс Шампиев.

Айта кетейік, бұдан өзге ардагерлер кеңесі Алматы қаласы әкімшілігінің алдында көптеген әскери бөлім орналасқан Красногор көшесінің атауын армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есіміне ауыстыруды және 28 гвардияшы-панфиловшы саябағына Халық Қаһарманының ескерткішін орнатуға қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети