Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы қызметінен босатылды

19 Қараша 2014, 18:42
0
Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы қызметінен босатылды - Махаббат Бекбосынова. ©ortcom.kz
Махаббат Бекбосынова. ©ortcom.kz

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

51 жастағы Махаббат Бекбосынова - медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер-кардиолог. Ол әр жылдары Қазақстан мен Ресейдің медицина мекемелерінде дәрігер болып жұмыс істеді. Астанадағы Республикалық аурухананың VIP терапия бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық ғылыми медицина орталығындағы жүрек орталығының жетекшісі, Астананың штаттан тыс бас кардиологы болды. "Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін де атқарды. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне Махаббат Бекбосынова 2014 жылы тағайындалды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай