26 желтоқсан 2018 | 10:36

Өткен тәулікте еліміздегі автожолдардан 145 адам эвакуацияланған

© pexels.com

Өткен тәулікте 25-26 желтоқсан аралығында құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері еліміздегі автожолдардан 145 адамды эвакуациялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен тәулікте 25-26 желтоқсан аралығында құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері еліміздегі автожолдардан 145 адамды эвакуациялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 желтоқсанда сағат 00.30-да Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылындағы Астана-Петропавл тасжолында қатты аяздың салдарынан MAN жолаушылар автобусы тоқтаған. Онда 53 жолаушы болған - Өзбекстан азаматтары. Жолаушылар бірден эвакуацияланған. Кейіннен сағат 09.00-де жол ашылған.

Реклама
Реклама

25 желтоқсанда сағат 01.50-де Павлодар облысы Успен ауданында Успенка ауылынан 10 шақырым жерде Павлодар-Новосібір автожолының 80-шақырымында Setra жолаушылар автобусы тоқтаған. Салонда 56 адам болған, оның біреуі кішкентай бала, Тәжікстан азаматтары. Сағат 08.00-де жол ашылғаннан кейін жолаушылар қайта автобусқа жеткізілген.

25 желтоқсанда сағат 12.15-те Қарағанды облысы Осакаров ауданында Молодежный ауылынан 15 шақырым жерде Қызылорда-Павлодар тасжолының 1081-шақырымында Setra автобусында ақау пайда болып, тоқтауға тура келген. Онда 36 жолаушы болған, Өзбекстан азаматтары. 16 адам эвакуацияланды, қалған жолаушылар жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерге отырғызылған.

Осыған байланысты ТЖК өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қысқы уақытта бірінші кезекте ауа райын қарап және ауа райының қолайсыздығы жайлы арнайы хабарламаларға мұқият болуға шақырады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная