22 қаңтар 2018 10:38

Өткен жылы СҚО-да 50 мемқызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылы өткізілген тексерістер нәтижесінде 50 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылы Әдеп жөніндегі кеңесте 13 отырыс өткізіліп, онда 95 мәселе тыңдалған.

"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы - 33, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауы туралы - 8, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру туралы - 2, тәртіптік комиссиялардың - 5 және мемлекеттік қызмет туралы өзге мәселелері бойынша -10. Заңнама бұзушылықтарының алдын алу бойынша 212 ұсыныс әзірленген.
37 тәртіптік істер қарастырылды, соның ішінде 18 кір келтiретін қылықтар жасағаны үшін, 13 Әдеп кодексін бұзғаны үшін 6 іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, былтыр ведомствода 111 азаматтардың жеке қабылдауы өткізіліп, 215 адамның қабылданғаны айтылады.

"Азаматтар және заңды тұлғалардың 203 өтініштері түсіп, 59 ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды. 123 өтініш қарастырылды, өтініштердің 13 өтініш білдірушілердің қолдаухаты бойынша тоқтатылды.
102 тексеріс өткізіліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың 306 бұзушылығы анықталған, құқықбұзушылықтарды жою туралы 45 ұсыныс енгізілді", - деп хабарлады департаменттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети