27 шілде 2018 17:59

"Өтінеміз, жауап бер". Денис Теннің достары куәгерге үндеу жариялады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Денис Теннің достары куәгер делінген жігітке үндеу жасады. Хабарлама әлеуметтік желілерде тараған еді, алайда куәгер әлі де жауап қайтармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Теннің достары куәгер делінген жігітке үндеу жасады. Хабарлама әлеуметтік желілерде тараған еді, алайда куәгер әлі де жауап қайтармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір мәліметтер бойынша, куәгер Денис Тенге шабуыл жасалған күні Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында спорт алаңында болған.

"(...) Барлығымыз, бүкіл ел бұл жағдайға нүкте қою үшін бұл хабарламаны куәгерге жеткізгіміз келеді. Денистің анасына қалай да болсын көмектескіміз келеді, себебі оқиға өрбіген сайын оның жаны жегідей желініп жатыр.

Осы жайлы.

Кейде кездейсоқ біліп немесе көріп қойған нәрсені түсіну қорқынышты. Себебі сен оны көріп немесе білгің келген жоқ.

Мұндай адам жалғыз болса, бұл одан да қорқынышты және сені маңызды бір оқиғаның куәгері болғаны үшін іздейді. 

Жігіт, сені іздестіріп жатыр. Бірақ, "Неге шара қолданбадың? Сен онда болдың және көрдің ғой" деп айыптап, кінә арту үшін емес.

Жоқ, бұл үшін емес. Көмек сұрау үшін. Сен көмектесе алады деп іздестіріп жатыр.

Резонансты ұмыт, бір сикундқа болсын болған оқиғаның көлемін ұмыт. Оның орнына отбасын ойла. Анасы мен әкесі шындықты білгісі келеді. Ең маңызды бөлігі жетіспей тұр. Ол бөлік сенде бар.

Қоңырау шалып, жазып, қалай болсын хабарла - сен оны жасай аласың. Сен адамдарды құтқарасың, оны білесің. Белгісіздік, күдік, күнә сияқты қорқынышты заттардан оның туыстары мен достарын және қылмыс жасамаған адамды айыптап, жазаласа құтқарасың. Бізге көмектес, жауап бер.

Қорқу ұят емес.

Бұл үшін сені еншім кінәламайды. Сенен тек көмек күтеді. Өтінемін, жауап бер".

Сонымен қатар, Денис Теннің жақындары мен достары 2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында көлігін тұраққа қалдырып кеткен автокөлік иелерін іздестіріп жатыр.

"2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында таңғы және түскі уақытта көліктерін тұраққа қойып кеткен автокөлік иелері, хабарласыңыздаршы! Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық мәлімет жинауға көмек берулеріңізді сұраймыз. Мұндай атышулы істе расында да кінәлі адамдардың жазаланғаны өте маңызды. Мұнда видеожазба көрсеткен әрбір деталь маңызды! Өтінеміз, видеотіркеу құрылғыларыңыздағы жазбаларды тағы бір қарап көрсеңіздер. Кез келген расталған мәліметке алғыс айтамыз. Аты-жөндеріңізді көрсетпейміз! Кез келген уақытта хабарласыңыздар: 8702 945 55 99 /8701 999 4701", - деп жазған хабарлама авторлары.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети