10 қазан 2016 14:05

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Ахметжан Есімовпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© EXPO 2017 көрмесі басқармасының қоғаммен байланыс департаменті © EXPO 2017 көрмесі басқармасының қоғаммен байланыс департаменті

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарманың қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 


Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарманың қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

Улугбек Розукулов көрменің сәулет ансамблін мен оған қатысы бар нысандарды көріп қайтты. Айта кетейік, қазіргі уақытта көрмеге қатысуға 105 ел мен 17 халықаралық ұйым тіркелді.

"Құрылыс аумағы мен сапасы таңғалдырды. Қазірдің өзінде-ақ көрменің жақсы өтетіні белгілі. Өз кезегінде біз ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Самарқан мен Бұхараға туритсік жолдамаларды ұйымдастырадық", - деді Улугбек Розукулов.

Қазіргі уақытта шетел азаматтарына Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын 73 бағыт бекітілді. Кездесу барысында екі тараптың алдағы әріптестік мүмкіндіктері жайлы айтылды.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдаған болатын. 

Кездесуде Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар - халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады.

Сонымен қатар, Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны брондады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети