06 мамыр 2014 18:50

Өзбекстанмен арадағы Стратегиялық серіктестік туралы шарт ратификацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Өзбекстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Өзбекстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялау туралы" заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Бұл шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы техногенді апаттардың алдын алу, төтенше жағдайлар күштерінің өзара әрекеттесуі салаларындағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді және мұнай-газ бен сауда мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапының ынтымақтастыққа мүдделі екенін хабарлаған болатын. "Өзбекстан тарапы шартты бірінші болып ратификациялады. Бұл олардың осы келісімге мүдделі екенін көрсетеді", - деген болатын Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков аталған заң жобасын Сенатта талқылау барысында. Бұған қоса, осы құжат екі ел арасындағы көлік қатынасын жақсартуға септігін тигізбек.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети