18 наурыз 2014 14:45

Өзін-өзі қорғауға газ қаруы мен электрошокер қолданыла беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстандықтар өзін-өзі қорғау үшін газ қаруы мен электрошокерді қолдана беретін болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Мақсат Байболовқа сілтеме жасап. "Өзін-өзі қорғау үшін газ баллоншалары мен электрошокерлер ғана емес, газ патрондарын ататын газ қаруы да қала беретін болды. Халықтың қолында газ қаруының 55 мың данасы бар. Ол да лицензия бойынша сатып алынады және оны сақтау мен ұстауға рұқсат қажет", - деді Байболов Сенат комитетінің ішкі істер органдары қызметіне қатысты заңдарға арналған толықтырулар туралы отырысынан соң Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында. Еске салайық, бұл заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналымнан тәркілеуді және оны қызметтік қару қатарына ауыстыруды қарастырады. Байболовтың айтуынша, электрошокерлер өзін-өзі қорғаудың азаматтық қаруы санатына жатады және ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша берілетін болады. "Бізде саудада мұндай қару бар және жалпы негізде жеткізіледі", - деді ол. Біздің "Электрошокердің адам өліміне соқтыруы мүмкін бе?" деген сауалымызға Байболов: "Қару айналымға жіберілмес бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес медициналық-биологиялық сынақтан өткізіледі, адам ағзасын зақымдайтын факторлары анықталады және мұндай зерттеуден өтпеген электрошокерлер айналымға жіберілмейді", - деп жауап берді. Ол "Өзін-өзі қорғау жағдайында аңшы қаруын қолданған адамның әрекеті қалай қарастырылады?" деген сұраққа да жауап берді. "Бұл жерде аңшы қаруы қолданылған нақты жағдай қарастырылатын болады. Қылмыстық және әкімшілік заңнамалардың барлық аспектісі, қажетті қорғаныстың асыра пайдаланылуы, бәрі қаралады. Содан кейін қажетті шешім шығарылады", - деді ол. Бұған дейін ҚР ІІМ заң департаментінің директоры Сергей Пономарев заң жобасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Үкіметтің азаматтардан травматикалық қару сатып алғалы отырғанын хабарлаған болатын. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған, сатып алу әлі бастала қойған жоқ. "Жаңа заң күшіне енген сәттен бастап және 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін травматикалық қаруға рұқсаты бар азаматтар оны тапсыруы қажет. Егер олар қаруды тапсырмаса, рұқсаттарының күші жойылып, жауапкершілік қарастырылатын болады. Ал травматикалық қаруға рұқсаты болмаса да, оны заңсыз ұстап жүрген азаматтарға заңнамаға сәйкес жауапкершілік қаралады, өйткені бұл атыс қаруы болып саналады", - дейді Пономарев. О баста бұл заң жобасында қоғамдық пікір туғызған тағы бір норма қарастырылған болатын. Ол кейбір жағдайларда полицейлерге ескертусіз қару қолдануға құқық беру туралы еді. Бірақ бұл нормадан бас тарту ұйғарылды. "Біз бұл норманы алып тастадық. Біз ішкі істер органдары қызметкерлеріне атыс қаруын сақтау, ұстау, қолдану құқығын қалдырдық. Бірақ қаруды қолдану тәртібі мен шарттары құқық қорғау қызметі туралы заңда нақты көрсетілген, сол себепті ол қосымша регламентацияны қажет етпейді", - дейді Пономарев. ІММ-нің мәліметінше, Қазақстанда травматикалық қаруға 38 мыңға жуық адамның иелік ететіні тіркелген, олардың қолында 43,5 мың дана қару бар, оның ішінде, 17600-і - "Оса", "Стражник", "Лидер" сияқты атыс қаруы және 29,5 мыңы - травматикалық патрондар ату мүмкіндігі бар газ қаруы. "Атап өту керек, "Лидер" сияқты қару - ол ТТ ұрыс тапаншасының көшірмесі, ал "Макарыч" аталатын газ қаруы - бұл "Макаров" тапаншасының көшірмесі", - деген болатын бұрын Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Министр бұған дейін травматикалық қарудың қылмыскерлердің шабуылынан қорғануға бірлі-жарым жағдайда ғана көмектескенін айтқан болатын. Оның айтуынша, үш жыл ішінде өзін-өзі қорғаудың 19 дерегі ғана тіркелген, ал қарудың қылмыс жасауға, кісі өлтіруге, адамдарды жарақаттауға қолданылған жағдайлары өте көп. "Соңғы бес жыл ішінде травматикалық қару қолданып жасалған қылмыстар саны 8 есе өсті, атыс қаруын қолданып жасалған барлық қылмыстың жартысынан астамы, яғни 55%-ы - дәл осы травматикалық қаруға қатысты, олар, негізінен, қасақана жасалған қылмыстар", - деді министр. Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов те травматикалық қару қолдануға қарсы пікір білдірген еді: "Қарудың бұл түрі, қандай болса да, сақталатын орны - сейфтерден, шкафтардан, тумбочкадан бір ғана мақсатпен алынады - адамға оқ ату үшін. Оны қолданудың басқа амалы жоқ". Байжүнісовтің айтуынша, травматикалық қаруды адамдар көп жағдайда алкогольден мас күйде қолданады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети