06 маусым 2016 17:53

"Паллада" қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камералары 26 қылмыскерді көрсетті - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Паллада" қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камералары 26 қылмыскерді көрсетті. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов тілшілерге мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Паллада" қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камералары 26 қылмыскерді көрсетті. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов тілшілерге мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камераларынан 26 қылмыскерді анықтадық: 25-і дүкенге кірді, біреуі көшеде қалды. Мұнда олар 4 иір ойықты және 14 тегіс ұңғылы қаруды алып кеткен. Осы жерден қылмыскерлер бөлінді: алтауы автомобильге отырып, екінші дүкенге қарай кетті. Мұнда олар дүкенге келушілердің бірін өлтіріп, тағы біреуін жарақаттаған. Қаруды жинап жатқандарында полиция келіп қалды, атыс шығып, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алып, ұсталды. Екеуі көлікке отырды, кейін көзі жойылды", - деді Қасымов.

Сонымен қатар, ішкі істер министрі қылмыскерлер Ақтөбедегі колонияны басып алғысы келді деген қауесетті жоққа шығарды.

"Бұл мәліметтерді қайдан алғандарыңызды білмеймін - нақтысын айттым - бізде нақты қылмыскерлер бар, нақты әрекеттеріміз бар, мұның барлығы тіркелген - бұл біріншіден, екіншіден, біз барлық адамнан жауап алудамыз, олардың барлығы, яғни жиналғандар, жарақат алғандар және ұсталғандар", - деді министр колонияға қылмыскерлердің бармағанын айта отырып.

Еске салайық, кеше, 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети