17 наурыз 2014 17:38

Панфиловтың немересі "Жеңіс есімі" байқауында батырға дауыс беруге шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

И.В.Панфилов. ©РИА Новости И.В.Панфилов. ©РИА Новости

Ресейдің жауынгерлік даңқ тарихындағы көрнекті қолбасшыларды таңдайтын "Жеңіс есімі" байқауынан генерал-майор Иван Панфилов шығып қалуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атақты қолбасшының немересі Айгүл Байқадамова хабарлады. Байқадамова соңғы кездері байқауда князь Григорий Потемкиннің танымал бола бастағанын айтады, ол бір кездері Қырымды Ресей империясына қосқан болатын. Қырымның мәртебесіне қатысты мәселе көтерілгеннен кейін "Жеңіс есімі" жобасында Потемкиннің орны жоғарылап, Панфиловтың есімі төмендеп барады. Генералдың немересі қазақстандықтарды жерлестері - Кеңес Одағының батыры Панфиловқа дауыс беруге шақырады. "Мен ол бүкіл Қазақстан мен қырғыз халқының мақтанышы деп есептеймін. Себебі Иван Васильевич Қырғызстанда әскери комиссар болды, ал дивизия Алматыда құрылды. Қазір - ең жауапты кезең. Бір апта қалды. 23 наурыздан соң 40 адамның 15-і байқаудан шығарылып, 25-і қалады. Генерал Панфилов үш күннен бері 26-орында тұр, ол 25 адамның ішіне енбей қалады деген қауіп бар", - дейді Байқадамова. "Жеңіс есімі" байқауында интернет қолданушылары 100 тарихи тұлғаның ішінен бірнеше қолбасшыны таңдайды. Байқау 2014 жылдың 9 мамырында аяқталады. Дауыс беру мына жерде. Айта кетейік, қазір Ресейде "Жеңіс есімі" байқауымен бірге, Дубосеково разъезінде фашист басқыншыларының танкілерін жойған 28 гвардияшы-панфиловшы туралы фильм түсіріліп жатыр, кино еріктілердің қаражатына түсіріледі. Қазір қажетті 60 млн рубльдің 13 млн-ы жиналды. Фильмнің ресми сайтының мәліметінше, Северодвинск қаласының бір тұрғыны 1 млн рубль аударған. Картинада Қазақ КСР-і жауынгерінің ролінде ресейлік актер Азамат Нығманов ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети