27 ақпан 2014 | 16:05

Пара алған адвокат 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©moscow-point.ru ©moscow-point.ru

Оңай олжаға кенелмек болған адвокат Асқар Жаңабаев темір торға тоғытылды. Заңгер клиентіне қылмыстық істі жабамын деп уәде берген. Бұл қызметі үшін 25 мың АҚШ долларын талап еткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғаушы клиентін жоғары жақта "мықты" байланыстары барына сендіріп, істі жабу үшін қыруар қаржы беруге көндірген. Асқар Жаңабаев бұған дейін де клиентіне қаржы полициясына 5 мың доллар көлемінде пара беруге көндіріп, ақшаны өз қалтасына басып отырған. Адвокаттың бұл қылмысы өткен жылдың наурызында әшкере болды. Сот оған қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 5 бабы бойынша үкім шығарды. Енді оның жеке мүлкі тәркіленеді. Оған қоса қылмыскер жапа шегушіге 750 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі тиіс. Жаңабаев өз жазасын қатаң режимдегі коллонияда өтейді. Сотталушы журналистердің қойған сауалдарына жауап беруден бас тартты. Іс 11 ай бойы жүргізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети