30 маусым 2014 11:29

Парламент депутаттары каникулға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылып, депутаттар 1 қыркүйекке дейінгі парламенттік каникулға кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылып, депутаттар 1 қыркүйекке дейінгі парламенттік каникулға кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Сессия басталғалы Парламент қарауында 154 заң жобасы келіп түсті. Оның 114-ін Үкімет, 11-ін депутаттар енгізсе, 29 заң жобасы алдыңғы сессиялардан қалған болатын. Үшінші сессия барысында Парламент 104 заң қабылдап, қазірдің өзінде Президент 80 заңға қол қойды", - деді сессияны қорытындылап негізгі баяндама жасаған Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов.

Оның айтуынша, аса маңызды заң жобалары қатарында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауға, халықтың жұмыспен ойдағыдай қамтылуын ұйымдастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға өңірлік дамуға қатысты құжаттар бар.

Сондай-ақ, Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу мен ұйымдастыруға қажетті ережелерге қатысты заң жобасын, рұқсаттар мен хабарламалар туралы, оңтайландыру мен банкроттық, қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту, қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл, оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері жөніндегі заңдарды атап өтуге болады.

"Алдағы уақытта да депутаттық корпус өз күшін әділ заңдар қабылдауға жұмылдырады деп сенемін", - деп баяндамасын аяқтаған Мәжіліс спикері сессияның жабылғанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети