02 сәуір 2014 11:26

Парламент "ҚР ішкі істер органдары туралы" жаңа заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dp.system-solutions.kz сайтынан Фото dp.system-solutions.kz сайтынан

Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге келісім берді. Осылайша, жаңа редакциядағы заң Парламентпен қабылданып отыр. Енді аталған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге келісім берді. Осылайша, жаңа редакциядағы заң Парламентпен қабылданып отыр. Енді аталған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін жаңа редакциядағы құжат Мәжіліспен мақұлданып, оны талқылау барысында Парламенттің жоғары палатасы екі толықтыру жасаған болатын. Оның бірі қаржы мониторингіне қатысты уәкілетті органның сұрау салуына ақпараттық жүйелерден мәліметтер ұсыну тұрғысында болып отыр. Ал екінші толықтыру банкрот деп танылған немесе оғңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық істер жөніндегі мәліметтер ұсыну турасында болып табылады.

Жалпы алғанда жаңа құжаттың мақсаты ішкі істер органдары жүйесін, құқықтары мен міндеттерін айқындау, ішкі істер органдары қызметкерлеріне құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, құжатта Ішкі істер министрлігінің құзыреттерін орталық аппарат және жалпы ішкі істер органдары ретінде бөлу, заңдылықты нығайтудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету мен полицияны оған тән емес функциялардан арылту көзделеді. Заң жобасындағы жаңалықтың бірі - ішкі істер органдарының жұмысындағы арнаулы қағидаттарды қамтамасыз ету. Бұлар - адамның және азаматтың құқығын сақтау және сыйлау, ашықтық, жариялылық, азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және ішкі істер органдарының бірегей жүйесінде өзара іс-қимылда болу.Сонымен қатар, құжатта ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтарды куәлік етуге мәжбүрлеуге, күш қолдануға және құқыққа қайшы әрекеттерге тікелей тыйым салатын норма қамтылып отыр.

Айта кетерлігі, жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді де талқылаған болатын.

Заң жобасы бойынша негізінен қолданыстағы үш кодекске және он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мәселен, "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңға өзгерту қарастырылған. Ол бойынша жарақаттайтын қаруды азаматтық айналымнан алу және оны қызметтік қарудың қатарына ауыстыру көзделеді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да көзделеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети