03 қыркүйек 2014 10:48

Парламент меморгандар өкілеттіктерін ажырататын заң жобасын қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Парламентке мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді ажырату туралы заң жобасы түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің жалпы отырысынан.


Парламентке мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді ажырату туралы заң жобасы түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің жалпы отырысынан.

"ҚР Үкіметі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгертулер енгізу туралы" заң жобасы ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында жасалды. Заң жобасы Үкімет пен орталық атқарушы органдар арасындағы, орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді бөлуге бағытталған", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеттің төрағасы Сейітсұлтан Айымбетов.

Ол ҚР Конституциясының 61-бабының 2-тармағына сәйкес, Президент бұл заң жобасын шұғыл қабылдануы тиіс заң деп жариялап отыр, соған байланысты комитет заң жобасын қолға алып, осы жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде қорытынды жасауға дайын.

Сонымен бірге Мәжіліс "ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен жұмысты да қолға алды. "Бұл заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылдың 6 тамызындағы "Мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында жасалды. Оны Президент шұғыл заң жобасы деп жариялады. Біз бұл бойынша осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін қорытынды жасауға дайынбыз", - деді Айымбетов.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қайта құрылған Үкімет пен жергілікті органдардың жаңа өкілеттіктерін белгілеген болатын. Оның айтуынша, министрліктерге заңға бағынышты шешімдерді қабылдау құзыретін беру қажет. Сол сияқты жергілікті атқарушы органдарға да тиісті өкілеттіктер беріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети