24 маусым 2018 16:52

Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram желісінде жазды.

"Бүгін  2006 жылы Алтынбек Сәрсенбаевті өлтіруге тапсырыс бергені үшін сотталған Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтің 63 жасында қайтыс болғаны хабарланған. Бірнеше жыл өте лосы қылмысты жасаған адам өлтіруге кімнің тапсырыс бергенін айтқан болатын. Сондықтан 2014 жылы Ержан Өтембаев бостандыққа шықты. Бостандыққа шыққан соң ол елдің саяси өміріне араласқан жоқ. Ержан Әбілқайырұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды саясаттанушы.

Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. Ол Сәрсенбаевты және оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталды. 2013 жылдың желтоқсан айында қылмысқа қатысты жаңа деректердің пайда болуына байланысты оның ісі қайта қаралды. Ибрагимов саясаткерді өлтіруге Өтембаев емес, Әлиев пен Мұсаев тапсырыс бергенін, соның ішінде, операцияны Мұсаев жеке бақылауына алғанын сотта растады. Оның айтуынша, Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны ғана болды. Дегенмен іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Әлиев пен Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлімінен соң кінә Өтембаевқа ауды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети