Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Партия Сыздықованы 8 миллион айыппұлдан босатты

07 Ақпан 2014, 19:46
0
Бақыт Сыздықова. ©tengrinews.kz
Бақыт Сыздықова. ©tengrinews.kz
"Нұр Отан" партиясы Бақыт Сыздықованы айыппұл санцкиясынан босатуға ниет білдіріпті. Естеріңізге сала кетейік, партия Б. Сыздықованы "қарызға алған қомақты қаржыны уақытында қайтармады" деп айыптаған болатын" деп жазады, "Нұр Отан" партиясына жіберген сауалына алған жауаптарын алға тартып, Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыздықованың қоғамға сіңірген еңбегі ескерілмей қалмады. Оның ірі көлемдегі қаржыны уақытында қайтармағаны үшін салынып отырған айыппұл санкциясынан босату туралы сотқа жазған арызы қанағаттандырылды. Сот отырысының алдын ала тыңдалымы 19 ақпанға жоспарланып отыр. Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Ескерте кетейік, "Нұр Отан" несие бермейді. Ал Б. Сыздықоваға қаржылай көмек көрсетілгені рас. Өз кезегінде ол оны келісілген уақытта қайтаруы керек еді", – дейді партиядағылар.

Естеріңізге сала кетейік, Б. Сыздықоваға "Нұр Отан" екі айға деп қарызға 7 миллион теңге берген болатын. Заңдық күші бар келісім-шартқа қарыз алушының өзі қол қойған-ды.

Алайда Б.Сыздықова уәдесінде тұрмай төрт жыл жүріп алады. Партия оған неше мәрте жазбаша ескерту жасаған екен, одан еш нәтиже шықпайды. Ақырында партия өткен жылдың желтоқсан айында оны сотқа береді. Ал осы жылдың наурыз айында "Нұр Отан" қаржы-қаражатты қайда, қалай жұмсағандары турасында жауапты орындарға есеп беруі тиіс.

Назарларыңызға сала кетсек, жауапсыздығы үшін экс-депутатты "Нұр Отан" қатарынан шығарып тастаған болатын. Сол кездері Сыздықова алған ақшаға өсімпұл қосылып, 15 миллион теңгеге бірақ шарықтайды. Сыздықованың айтқаны рас болса, ол қарызды КВН ойыншыларының Мәскеуде өткен Жоғары лигадағы жарысқа қатысулары үшін алса керек. Шынымен де, сол жолы біздің КВН ойыншыларымыз, Жоғары лигада финалға шыққан.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай