22 наурыз 2016 13:53

Партиялар Мәжілісте қанша орын алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ОСК өкілдері партиялардың Мәжілістен қанша орын алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ОСК өкілдері партиялардың Мәжілістен қанша орын алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы партия тізімдері бойынша мынадай қорытынды жасады: 

"Нұр Отан" партиясы - 84 (82,2 пайыз дауыс);

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы - 7 (7,18 пайыз дауыс);

Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық партиясы - 7 (7,14 пайыз дауыс);

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары мынадай:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - 345 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,50 проценті;

Божко Владимир Карпович - 349 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 94,58 проценті;

Жұмаділдаева Наталья Васильевна - 343 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,95 проценті;

Ким Роман Ухенович - 346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,77 проценті;

Микаелян Наринэ Гамлетовна - 336 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,06 проценті;

Мурадов Ахмет Сейдарахманович - 339 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,87 проценті;

Нурумов Шаймардан Усаинович - 337 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 91,33 проценті;

Тимощенко Юрий Евгениевич - 341 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,41 проценті;

Хахазов Шакир Хусаинович - 342 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,68 проценті.

Еске салайық, үш саяси партия минималдық меже көрсеткішіне қол жеткізе алмады. Олар: "Бірлік" Саяси Партиясы - 21484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,29 проценті; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 88813 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,18 проценті; "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 151285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,01 проценті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети