25 желтоқсан 2014 18:28

"Парыз" бен "Алтын сапа" байқауының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан алынды Фото ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан алынды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Алтын сапа" ҚР Президенті сыйлығының лауреаттарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"  байқауының және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Индустрияландыру күні қарсаңында "ірі кәсіпкерлік субъект" аталымы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын "Алматы көпір құрылымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "РЗА" акционерлік қоғамы мен "Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табыстады.

Ал "Парыз" сыйлығының алтын мүсіншелерін Кәрім Мәсімов "ірі кәсіпкерлік субъект" санатында мына аталымдар бойынша бірінші орын иелеріне табыстады: "үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" - "Варваринское" акционерлік қоғамы, "еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" - "Азия Авто" акционерлік қоғамы, "экологияға қосқан үлесі үшін" - "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы, "үздік ұжымдық келісімшарт" – "ЕмбіМұнайГаз" акционерлік қоғамы.

Айта кетейік, биыл "Парыз" байқауына қатысуға республиканың барлық өңірінен 584 кәсіпорын өтініш берді. Барлығы 25 кәсіпорын байқау жеңімпазы атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети