02 шілде 2019 20:14

Пашинян Тоқаевқа қоңырау шалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі тереңдету шараларын талқылады және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы серіктестермен сауда қатынастарын орнату мақсатында Одақты дамытуға белсенді ықпал етуге дайын екенін айтты.

Тараптар алдағы кездесулер кестесін, атап айтқанда, биылғы қазанда Ереван қаласында өткізуге жоспарланған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети