30 қыркүйек 2019 11:41

Павлодар облысында 1358 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жыл басынан бері 53 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығы анықталған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"


Павлодар облысында жыл басынан бері 53 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығы анықталған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, департаменттің басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров кезекті халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында ақырғы 4 жылда қылмыстылықтың тұрақты төмендеуін атап өтті.

"Полиция іс-қимылының басымды бағыттарының бірі есірткі қылмысымен күресу болып табылады. Биылғы 8 айда 149 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде есірткі заттарын аса ірі көлемде сату және сақтауға байланысты 50 қылмыс анықталды. Есірткі заттарын алудың жалпы көлемі 102 келіні құрайды. Сондай-ақ облысымызда браконьерлік мәселе де өзекті болып табылады. Биыл рейдтік іс-шаралар өткізу нәтижесінде табиғатты қорғау заң саласында 42 қылмыстық және 580 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 4,5 миллион теңгеге айыппұл салынды", - деді департамент басшысы.

Ведомство басшысы өз баяндамасында облыс жолдарындағы жағдайларға да қысқаша тоқталып өтті.

"Бұл салада біз 53 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын анықтадық. 1358 құқықбұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды. Алкогольдік мас күйде 1361 жүргізуші ұсталды. Оның 201-і әкімшілік қамауға алынды. 586 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Амантай Әубәкіров.

Сонымен қатар, бүгінде одорологиялық зертхана өзінің оң нәтижелерін көрсетуде. Қызметтік иттердің көмегімен иіс пен іздерді пайдалана отырып, арнайы криминалистикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың көмегімен 2 кісі өлтіру, 2 тонау қылмысы ашылды.

"Ең өзекті мәселе - қауіпсіздік саласын сандық жүйеге көшіру. Павлодар қаласында бейнебақылау Жедел басқару орталығының 117 камерасы арқылы жүзеге асырылады. Екібастұз, Ақсу және облыс аудандарының кезекші бөлімдерінде 130 бейнебақылау камералары қызмет етеді. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде олардың көмегімен 100-ден аса қылмыс ашылып, 19 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды", - деді департамент басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети