12 шілде 2014 10:48

Павлодар облысында 300 гектар қарағай орманы өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Павлодар облысында қарағай орманы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД бапасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында қарағай орманы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД бапасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, "Ертіс орманы" табиғи резерватының Галкин орман шаруашылығы аумағынан өрт шыққан. Қазіргі таңда тілсіз жау орман алқабының 300 гектар аумағын шарпыған.  

Өртті ауыздықтау үшін қазір жеке құрамның 70 қызметкері мен 35 бірлік техника және бір тікұшақ жұмылдырылды. Негізгі өрттің ошағы сөндірілді. Орман алқабына күзет қойылды", - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.  

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кең таралған өрттің жақын маңдағы елдімекендерге қауіптілігі байқалмайды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети