Павлодар облысында ауыл тұрғындары қар құрсауында қалып қойды

22 Ақпан 2017, 18:31
0
Павлодар облысында ауыл тұрғындары қар құрсауында қалып қойды -

Павлодар облысында бірнеше ауылды қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік өкілдері әрекетсіз отыр, себебі азық-түлік тиелген көліктер елді мекендерге жете алмай отыр. 

Ауыл тұрғындарының азық-түлігі мен жанармай таусылғалы жатыр. 

"Дүйсенбіден бастап ауыл тұрғындары нансыз отыр. Үш күн бойы дүкендерде нан жоқ. Нан тиелген көліктер ауылға келе алмай отыр, себебі жолдар жабық. Дүкенде ұнда жоқ. Адамдар бір-біріне азық алмасуға қорқып отыр, себебі өздеріне жетпей қалуы мүмкін. Жолды ашамыз деп уәде берген, алайда әлі ашылған жоқ. Әкімдіктегілер боранның тоқтағанын күтіңіздер дейді. Қанша күтеміз? Бізде мұнда бір жарым мың адам бар. Қарттар мен балалар бар. Ауылды қар басқан, жолдар жабылған. Ешкім тазаламайды. Ауылдан шығатын жер жоқ. Менің күйеуім 25 шақырымды жауя жүріп, қалаға кетті. Тракторымызды оталдырайын десек, соляркасы жоқ", - дейді Маралды ауылының тұрғыны Сәуле Қалиева.

Жергілікті әкімдікте қар тазалау жұмыстары жүріп жатқанын және бүгін ашылатынын мәлімдеді.  

"Бізде қазір үш арнайы техника жұмыс істеп жатыр, қосымша тағы тартылады. Біз ауылға тікелей тасжолдан жол ашайын дегенбіз, алайда онда қар өте көп. Төрт күн бойы боран соғып тұр, соңғы қар сулы болып түсті. Қар күртік болып жатыр. Ендігі жерде жазықтан тікелей жол ашуды көздеп отырмыз. Бүгін жолды ашамыз", - деді Шақат ауылдық округының әкімі Базарбай Әбиев. 

 

Баянауыл ауданы Қаражар ауылының тұрғындары да көп мөлшерде жауған қардың зардабын көріп жатыр. Кейбір жерлерде қар мөлшері бір жарым, екі метрге дейін жеткен. 

"Біз кеше көршілеріміздің үйін тазаладық. Бір тәулік бойы оларда жарық болмады. Адамдар сарайдағы шатырдан кіріп жүр. Күректерді үйге кіргізіп қойып, таң азанымен күреуді бастаймыз, себебі есікті сыртқа қарай ашу мүмкін емес", - дейді ауыл тұрғындары. 

Осындай жағдайға Қызылқоғам, Ақышман, Алексеевка және Ақжар ауылдарының тұрғындары тап болған. 

"Бізде кеше ғана тасжолды ашты. Енді адамдар жолға шыға алады. Соңғы күндері мүлдем қар астында қалып қоямыз ба деп ойладық", - дейді Ақжар ауылының тұрғыны Жанат Әлжанов. 

Павлодар облысының әкімдігінде ауылдарды қардан тазалау үшін техниканың жеиткілікті екенін айтады. 

 

"Жиналыста ауданжәне қала әкімдері қар тазалауға арналған арнайы техниканың жеткілікті екенін айтып, есеп берген. Боран мен көру мүмкіндігінің төмендігінен олар қар тазалауға кірісе алмаған. Бүгінгі ақпар бойынша, Ертіс, Ақтоғай және тағы басқа аудандарда - жолдар жабылып қалған. Қазіргі уақытта қар тазалау үшін ауа райв қолайлы", - деді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мамандары. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өңірдегі жағдай бақылауда. 

"Баянауыл ауданыда Қаратоқа және Қараащы ауылдарының су басқаны туралы мәліметті растаймы. Қазіргі уақытта мамандар қатты зардап шеккен жерлерді зерттеп жатыр. Биыл қар мөлшері тым көп жауды. Бірақ жағдай бақылауда", - деді Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мамандары. 

Ресми дерек бойынша облыс аумағында 47 елді мекенді су басу қаіпі бар, өткен жылы бұл көрсеткіш 31-ден аспаған. Су басу қаупі бар ауылдарда тоғыз мыңнан аса адам тұрады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай