12 ақпан 2014 12:52

Павлодар облысында бір үйдің алты адамына ыс тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейтарап сурет.©Нұрғиса Елеубеков Бейтарап сурет.©Нұрғиса Елеубеков

Павлодар облысында бір отбасының алты адамы ыстан уланып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодар облысы Павлодар ауданы Новочерноярка елді мекенінде көппәтерлі төртқабатты үйде бір отбасы пеш иісіне тұншығып қалған. "Екінші қабаттағы пәтерде қатты отын жағылатын пештегі ақаудың салдарынан 1964 және 1984 жылы туған екі ересек адам мен 2002, 2004, 2011 және 2012 жылы туған балалар уланып қалып, ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. Мұның алдында Шымкент қаласында табиғи газбен жылытылатын жеке үйлердің бірінде ыс тиген 1982 жылы туған азаматша қайтыс болған. Еске сала кетейік, 9 ақпан күні Астанада жеке үйлердің бірінде үш адам ыстан уланып, оның бірі - 2010 жылы туған сәби сол жерде қайтыс болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети