Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодар облысындағы сібір жарасы топырақтан жұғуы мүмкін

14 Шілде 2016, 08:09
0
© "Астана" телеарнасының кадры
© "Астана" телеарнасының кадры

Кеше, 13 шілдеде Ертіс ауданындағы бұрын ауру малдар көмілген жерден топырақ сынамасы алынған. Бұл жайында бүгін өңірге арнайы келген денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, Ертіс ауданында кесел басқа өңірлерге таралып кетпеуі үшін төтенше жағдайдың жарияланған. "Кеше біз аудан әкімінде болдық. Әкім, бұл кеселдің облыстың басқа өңірлеріне тарап кетпеуі үшін, ауданда төтенше жағдайдың жарияланғанын мәлімдеді. Ауылда зарарсыздандыру тосқауылдары қойылып, ірі қара малды шығаруға тыйым салынды. Осылайша қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Байсеркин.

Астанадан арнайы келген комиссия карантинге жабылған ауылда тексеріс жұмыстарының күшейтіле түскенін жеткізді. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазір шикі етті ұстап, пайдаланған 24 тұрғын жергілікті дәрігерлер бақылауында. Әзірше ешқайсысынан күйдіргінің белгісі байқалмапты. Министрлік өкілі бірер күнде олардың біразы медициналық мекемеден шығарылуы мүмкін екендігін айтты. Бұған дейін індет шыққан ауылда карантин жарияланған болатын. Ал мал сойған 3 адамның ауруы расталып, ауруханаға жатқызылған еді. Олардың жағдайы бірқалыпты екенін айтады мамандар.

Еске салайық, осыған дейін Павлодар облысында 25 адамның сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін екендігі хабарланған еді. Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін деген адамдардан алынған сынамалардың республикалық зертханаға жіберілгені белгілі болды. Осылайша, әзірше Павлодар облысында сібір жарасын жұқтыру дерегі ресми түрде расталмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай