Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Павлодар облысының қарағай орманындағы өрт ауыздықталды

12 Шілде 2014, 11:37
0
Фото arnapress.kz сайтынан алынды
Фото arnapress.kz сайтынан алынды

Павлодар облысының қарағай орманындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомства баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ертіс орманы" резерватындағы орман өрті ауыздықталды. "Бүгін таңертең сағат 8:30-да өрттің ауыздықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бірақ қарағай орманындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда", - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Шұғыл келіп түскен ақпарат бойынша, өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның бір тікұшағы пайдаланылған. Өрттің негізгі ошағы 12 шілде күні таңғы сағат алтыда сөндірілген. Орманға күзет қойылып, барлау жұмыстары жүргізілді. Сол жерде жедел штаб құрылып, жұмыстар атқарылды.  

Нақтыланған дерек бойынша, орман резерваты аймағындағы өрт 11-шілде күні 16:30-да Шербақты ауданының Галкин орман шаруашылығынан басталған.Тілсіз жау далалы аймақтан басталып, орман алқабына өткен. Өрт шамамен 300 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 38 техника мен 110 адам жұмылдырылған. Олар: орман шаруашылығының жұмысшылары, өрт сөндірушілер және тілсіз жауды ауыздықтауға қатысқан еріктілер.  

Өрт сөндірушілердің болжамы бойынша, дала мен қарағай орманындағы өрттің басты себебі халықтың отты дұрыс қолданбауынан болып отыр. "Қазір онда Павлодар облыстық ТЖД анықтаушылары жұмыс атқаруда. Олар өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтайтын болады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - дейді ведомстваның баспасөз қызметі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай