Павлодар тұрғыны көпқабатты үйде газ баллонын жарып жіберді

21 Ақпан 2014, 14:02
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Павлодар облысында өзін-өзі өлтірмек болған адам газ баллонын жарып жіберді деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел ақпаратқа қарағанда, оқиға Майқайың елді мекенінде болған. Бүгін - 21 ақпан күні төртқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде қожайын өзін-өзі өлтіруге әрекеттенді. "Ер адам пәтердің есігін заттармен бітеп, газ баллонының клапанын ашқан. Пәтерде ер адаммен бірге оның 10 жастағы қызы және туысы болған. Туысы өртсөндірушілерді шақырып үлгерген, олар баланы сыртқа алып шықты. Содан кейін жарылыс болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.

Оқиға салдарынан қожайын мен оның туысының денелері күйіп қалды. Екеуі ауруханаға жеткізілді. Қыз бала да ауруханаға жатқызылды. Жарылыстан тұрғын үйдегі үш пәтерге зақым келді. Еске сала кетейік, мұндай жағдай Павлодар облысында былтыр да болған еді. Әйелін кепілдікке алған ер адам көпқабатты үйді жарып жіберемін деп қорқытқан.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай