21 ақпан 2016 14:49

Павлодар тұрғыны облыстық полициядан 10 миллион теңге талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейдің есірткі салып жібергенін дәлелдеген Павлодардың тұрғыны 10 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың №1 қалалық сотына сілтеме жасап.


Полицейдің есірткі салып жібергенін дәлелдеген Павлодардың тұрғыны 10 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың №1 қалалық сотына сілтеме жасап.

Павлодарлық Юрий Кукшин заңсыз қамауға алынғаны үшін моральдық шығынды өндіріп алу мақсатында сотқа шағымданды. Ер адам өз талап арызын Павлодар облыстық ІІД-ге қатысты түсірді.

"Полицейлердің кінәсінен ұлым екі жылға жуық уақыт қамауда болды. Оны қылмыс жасады деп әдейі айыптамақшы болды, қылмыстық іс қолдан жасалған. Бұл дерек сотта дәлелденді. Егер облыстық ІІД өз қарамағындағылардың жұмысын дұрыс бақылай алғанда, мұндай жағдай болмайтын еді. Полиция қызметкерлерінің қылмыстық әрекеті үшін жауап беруі керек деп есептейміз және моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңгенің төленуін талап етеміз", - деді арызданушының өкілі мен оның әкесі Владимир Кукшин. 

Айта кетейік, Павлодар облыстық ІІД мамандары бұл арыздағы талаппен келіспей отыр.

Еске сала кетейік, Юрий Кукшин 2014 жылы күзде өткен сотта өзін ұстау кезінде полиция қызметкерінің есірткі салып жібергенін дәлелдеді. Сөйтіп, бұрын есірткі сақтағаны және сатқаны үшін айыпталған ер адам қылмыс құрамының жоқтығына байланысты ақталды. 

Өз кінәсіздігін дәлелдеу үшін Павлодардың 39 жастағы тұрғынына екі жыл уақыт қажет болды, осы уақыт ішінде оған тергеу изоляторында отыруға тура келді. Оның айтуынша, Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі Мұрат Қожанов шұғыл ұстау кезінде мұның шалбарының сол жақ қалтасына героин салған. Есірткі салып жіберу дерегі шұғыл түсірілім кадры арқылы және ұсталған адамның қарт көршісінің куәлігімен дәлелденді. Дегенмен тергеу бұл дәлелге көңіл аудармай, Кукшинді қылмыс жасады деп айыптады.

Сот талқылауы барысында павлодарлық қалтасына есірткі салып жіберген полицейдің үстінен қалалық ішкі істер басқармасының өзіндік қауіпсіздік бөліміне және қаржы полициясына жиырмаға жуық арыз жазды. Бірақ тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Кукшиннің ісі төрт рет тергеуге қайта жіберілді, содан кейін қайтадан сотқа келді. Бас прокуратура араласқаннан кейін барып, Кукшин кінәсіз деп танылды, ал Қожановтың үстінен "Билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану", "Аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз тасымалдау және сату мақсатынсыз сақтау" және "Ауыр қылмыс туралы қылмыстық істі бұрмалау" баптары бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, полиция қызметкері 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети