1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Павлодарда Бақауовтың қатысуымен жоспарланған екі алқа отырысы өтпейтін болды

Павлодарда облыс басшысы Болат Бақауовтың қатысуымен жоспарланған екі алқа отырысы өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болат Бақауовтың қатысуымен жоспарланған кеңестердің күшін жою туралы хабарламаны Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында таратты. Алқа отырысы 16 қаңтарда таңғы сағат 10-ға тағайындалған, алайда бір сағат бұрын шараның өтпейтіні туралы хабарлама келген. 

"Павлодар облысының әкімдігінде 16 қаңтарға жоспарланған туризм және спортты дамыту жөніндегі басқарма, сондай-ақ қоғамдық даму және ақпарат басқармасы мен мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының алқа мәжілісі өтпейді. Алқа жиынын өткізу күні туралы кейінірек хабарланады", - делінген хабарлама мәтінінде.

Сонымен қатар, облыс әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері арбамен жүретін мүгедектердің мәселелері мен туризм және мәдениет жөніндегі алқа мәжілісін өткізуге облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов жетекшілік ететінін атап өтті.

Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама таралған. Аудиода ер адамның дауысы былай дейді: "Бүгін, 15 қаңтарда, әкім ұсталды". Павлодар облысының әкімдігі "Болат Бақауов ұсталды" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған еді.