08 мамыр 2014 14:05

Павлодарда жалғызбасты соғыс ардагері алаяқтардың арбауына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Ярослав Радловский Фото ©Ярослав Радловский

86 жастағы соғыс ардагері  Федор Кулагиннің сеніміне кірген алаяқтар оны Ресейге емдетеміз деп апарып, осындағы баспанасын сатып жіберген, - деп хабарлайды КТК.


86 жастағы соғыс ардагері  Федор Кулагиннің сеніміне кірген алаяқтар оны Ресейге емдетеміз деп апарып, осындағы баспанасын сатып жіберген, - деп хабарлайды КТК.

Телеканалдың  келтірген  дерегіне сүйенсек, майдангер Барнауылдағы  психикалық клиникадан табылған.  Ол үйіне оралғанда майдангердің жеке заттары мен наградалары із-түзсіз жоқ болып кеткен. Қазір полицейлер алаяқтарды іздестіру үстінде. Ал ардагер сот арқылы өзінің сатылып кеткен баспанасын қайтарып алуға әрекет жасауда.

86 жастағы майдангер әлі де тың, Жеңіс мерекесіне дайындалуда.  Федор Кулагин Қиыр Шығыста соғысқан. Ол майдандағы күндерін әлі де есіне алып отырады. 

Енді міне 86 жасында алаяқтардың арбауына түсіп отыр. Ол осыдан екі жыл бұрын  Жеңіс меркесінде "Мәңгілік от" ескерткішінің маңында серуендеп жүрген кезінде өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстарған  Наталья Омарова есімді азаматшаға сенгенін, артынша Наталья оған үй шаруасына көмектесіп, арасында қандай да бір құжаттарға қол қойғызып әкеткенін айтады. Ал ақпан айында  Наталья жалғызбасты зейнеткерді Ресейге алып кетіп оны сол жақта вокзалға тастап кеткен. 

Ардагердің туысы Александр Шарапов "Ол сол жақта адасып, өліп қалсын деген ниетпен оны Ресейге апарып тастаған. Әрине, мұндайды қайырымсыз адамдар ғана істей алады" - дейді.  

Ресейге майдангерді Наталья Омарова көзін емдетемін деп алдап апарған. Майдангердің Алматыдағы  әпкесі мен туыстары ардагерді қиындықпен тауып алды. Ардагер Барнауылдағы жаны күйзеліске түскен психикалық аурулар клиникасынан табылып, үйіне оралғанда оның баспанасы басқа біреулерге сатылып кеткен.

Әзірге ол өзінің үйінде тұрып жатыр, пәтерді басқа адамдардың атына аударғанмен  ол пәтерге ешкім көшіп келмеген. 

Қорғаушы Гүлбақыт Бижанова: " Мен ардагердің пәтері өзіне қайтарылатынына сенімдімін" - дейді. 

Заңгердің айтуынша, бұл істе алаяқтықпен бірнеше адам айналысқан. Әлеуметтік қызметкерден бөлек екі ер адамның іске қатысы бар деп тұжырымдалуда. Қазір алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ әлі ешкім ұсталған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети