16 наурыз 2019 10:28

Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Павлодар-онлайн © Павлодар-онлайн

Павлодар көшелерінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу және жасырын бақылауға арналған патруль көліктері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап. 


Павлодар көшелерінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу және жасырын бақылауға арналған патруль көліктері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция енгізген жаңалықтың арқасында 12 құқық бұзған жүргізуші куәлігінен айрылды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 54 жүргізуші анықталды, 24 материал сотқа жіберілді.

Жасырын бақылаудағы арнайы көліктер байланыс құралдарымен, мобильді тіркеуіштермен және өзге де арнайы техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғылар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети