11 қазан 2016 17:36

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетші ертеде полиция қызметінен жұмыстан шығарылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафеге келушілерді аяусыз ұрып-соққан іске қатысы бар күзет агенттігі лицензиясынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда кафеге келушілерді аяусыз ұрып-соққан іске қатысы бар күзет агенттігі лицензиясынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық "Элекор Күзет" фирмасы лицензиясынан ғана емес, қызметін толықтай тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Павлодарда өткен брифингте прокурор Ержан Бөлегенов айтты. "Осы дерекке қатысты прокурорлық тексеріс жүргізіліп жатыр. "Элекор Күзет" фирмасында көптеген ереже бұзушылықтар анықталды. Бұл ұйым 2014 жылы лицензия алып, 2015 жылдан бері төрт рет ереже бұзды. Осыған қарамастан олар лицензиясынан айырылмаған", - деді прокурор.

Оның айтуынша, бұл жағдайда фирма жаңа лицензия алуы керек болған. Алайда агенттіктегілер жаңа лицензияны алмай, қызметін жалғастыра берген. Сондай-ақ, ол күзет фирмасының 2015 жылдан бері заңсыз жұмыс істеп келгенін айтып өтті.

Сонымен қатар, тексеріс барысында қамауға алынған күзетшінің бірінің осыған дейін құқық қорғау органдарынан қызмет етіп, кейіннен оның жұмыстан қуылғаны анықталды.

"Күзет қызметі мен оның талаптарына қатысты заңнамаға сәйкес, ол күзет фирмасына жұмысқа алынбауы тиіс болатын", - деді прокурор. Сондай-ақ, прокурор осы фирманың екі қызметкері қамауда отырғанын айтты. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы әлі қолданылмапты.

Айта кетейік, кафеде соққыға жығылған келушілер жауапкершілікке тартылмайтын болды. Олар бұл іске зардап шегушілер ретінде қатысып жүр. Прокуратурадағылардың мәліметінше, қазіргі уақытта соққыға жығылған ер адам ем қабылдап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, денсаулығына тиген залалдың деңгейі анықталады.

Сондай-ақ, прокуратурадағылар кафе конақтарының ақша төлемей, қашып кетпекші болғаны туралы мәліметті растады. "Күзет фирмасының қызметкерлері оларды қуып жетіп, кафеге әкелді. Кейіннен қонақтар ақшасын төлеген соң күзетшілер оларды ұрған", - деді прокуратура өкілдері. Айта кетейік, екі күзетші "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталып отыр.

Осыған дейін Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілердің 4 желтоқсанға дейін қамауға алынатыны хабарланған болатын. Соттағылардың айтуынша, тергеу органдары осы оқиғаға қатысқандардың жасырынып кетуі мүмкін екеніне алаңдап, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтініш білдірген.

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети