26 қыркүйек 2019 18:08

Павлодарда көпір жүк көлігіне құлады: жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/pvl_elmira_zdrav © instagram.com/pvl_elmira_zdrav

Павлодар облысында опырылған көпірдің астында қалған жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар облысында опырылған көпірдің астында қалған жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақсу қалалық соты жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тауып, айыппұл төлеуге міндеттеді. 

"Сот қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш (50 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Әнел Құсанова. Шығын мөлшері әзірге айтылған жоқ. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші салынып жатқан көпір астына құм төгіп, кузовты соңына дейін түсірмей қозғалып кеткен. 

"Қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жүргізуші көпір тірегімен соқтығысқан, соның салдарынан көпір қирап, материалдық шығын келтірген", - деп атап өтті Құсанова.

Сонымен қатар, жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы кінәні мойындамады. Сотта ер адам өз дәлелдерін айтты, бірақ сот оларды жеткіліксіз деп санады.

Оқиға 23 тамызда Павлодар - Қызылжар тасжолында болған. Көпір жүк көлігінің үстіне құлаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети