25 сәуір 2017 13:28

Павлодарда той кортежінің жүргізушісі әдемі сурет түсіру үшін жол ережесін бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда той кортежінде жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізуші көлікті жүргізу құқығынан бір жылға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі ("Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша жауапкершілікке тартылған. Сотта жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін, яғни ол өзінің әрекетін жанында тойды видеоға түсіруші оператордың болғанын айтып, түсірілім жақсы шығуы үшін сондай әрекетке барғанын мойындады. Ол өз әрекеті үшін өкініп, соттан қатаң жаза шығармауын сұрады", - деді соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети