20 маусым 2014 18:00

Павлодарда нан өндіруші бағаны қымбаттатпайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Павлодар нан-тоқаш өнімдері комбинаты нан бағасын қымбаттатпайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Тау нанның" әлеуметтік өнімінің бағасы төмендетіледі.


Павлодар нан-тоқаш өнімдері комбинаты нан бағасын қымбаттатпайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Тау нанның" әлеуметтік өнімінің бағасы төмендетіледі.

Павлодар облыстық әкімдігі өкілдері өндірушінің 21 маусымнан бастап нан құнын төмендетуге келіскенін хабарлады. "Олардың шарты - арзандатылған ұнды толық көлемде келісін 46 теңгеден шығару, әлеуметтік мазут бойынша және басқа да мәселелерді шешу. Біз бүгін олармен қайта сөйлестік, өндіруші бағаны өсіруді шегеруге, ертең бағаны бұрынғы қалпына түсіруге уәде берді. Біз тағы да келіссөз жүргізетін боламыз", - деді облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов. Ол арзандатылған ұнды жеткізу мәселесінің шешіліп жатқанын да айтты.

"Бұл мәселе бүкіл Қазақстан бойынша бар. "Азық-түлік корпорациясында" қор таусылған. Бүгін Үкімет нан комбинаттары үшін дәнді арзандатуға қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды. Наубайханаларға ұн 46 теңгеден жеткізілетін болады, дайын нан өнімінің бір бөлкесі бөлшек саудаға 50 теңгеден аспайтын бағамен жіберіледі", - деді Әшімбетов.

Бүгін, 20 маусымда Павлодарда "Тау нан" нанының бірден 12 теңгеге қымбаттағаны, сол себепті оның дүкендегі құнының 60-64 теңгеге жеткені хабарланған болатын. Сауда иелерінің айтуынша, бағаны өсірген - нан өндіруші. Комбинат өкілдері болса, бұған арзандатылған ұнның тапшылығы мен коммуналдық қызметтердің және мазуттың қымбаттауы себеп деп отыр. Павлодар облыстық әкімдігінің бұл мәселе жөнінде алдын ала құлағдар етілгені де хабарланды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети