Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда полицейді айуандықпен өлтірген күдікті үшемнің әкесі атанды

10 Шілде 2015, 13:56
0
© news.rambler.ru
© news.rambler.ru

Павлодарда полицейді айуандықпен өлтірген күдікті үшемнің әкесі атанды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, учаскелік полицейдің көмекшісі Арли Харкиді өлтірді деген күдікті павлодарлықтың жұбайы үшемді дүниеге әкелді. Ай-күні жетпей туған балалардың салмағы - 1881 грамм, 1961 грамм және 2020 грамм. 

"Нәрестелерден басқа отбасында 2014 жылы дүниеге келген қыз бала бар. Енді ана төрт баланы әкесіз өсіретіні анық", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, Павлодар қалалық ІІБ инспекторының көмекшісі аға лейтенант Арли Харки 21 маусымда жұмыс орынында айуандықпен өлтірілген болатын. Полиция бөлімшесінде Харки мойын және кеуде тұсынан сегіз рет пышақталған. Кейін павлодарлық полицейді табель қаруын тартып алмақ болып, өлтірді делінген күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай