Павлодарда трамвай басып кеткен қыз есін жиды

08 Қыркүйек 2017, 11:37
0
Павлодарда трамвай басып кеткен қыз есін жиды -

Павлодарда трамвай басып кеткен екінші сынып оқушысы есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сегіз жастағы қыздың жағдайы тұрақтанды. "Ауруханаға түскен кезінде бала есін білмеген, ми жарақатының әсері болған. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақтанды, өміріне қауіп жоқ. Қыз есін жиды, сөйлейді, сұраққа дұрыс жауап береді. Өмір сүреді деп ойлаймыз. Ота қажет болмады, консервативтік ем алып жатыр", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Көзеков. 

Айта кетейік, оның әпкесінің жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте өтеді. 

Жантүршігерлік оқиға павлодарлықтарды бей-жай қалдырмады. Еріктілер мен қалалықтар қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіп жатыр. 38 жастағы шешесі екі қыз бен екіге толмаған ұлын жалғыз асыраған. Отбасы қамқоршысынан айырылғандар ретінде берілетін жәрдемақыға өмір сүрген. Балалардың әкесі екі жыл бұрын қайтыс болған.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте омов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай